Көпшілік ақынға әзіл-шыны аралас видеодағы әні үшін дән риза болған. Бұл видеоны instagram әлеуметтік желісіндегі tiek.kz аккаунты жариялады.
Ринат Зайытовты Мәжіліс отырысынан соң, тілшілер қаумалап, жібермей қойған. Сол сәтті пайдаланған Ринат Зайытов: «Ей, мен в Аманате, ей, сен в Аманате» деп желіні әзіл-шыны аралас күлкісімен, елді күлкіге қалдырған.
Көпшілік трендтен қалмаған айтыскер ақынға шынайы ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырған.
«Көңілім бір көтеріліп қалды ғой, жарайсыз», «Қатырыпты, жақсы жарасады», «Ринат мырза, айтыстағыдай нақты айтыпсыз», – деп жазды олар.