Астанада бокстан "Elorda Cup" халықаралық турнирінің ақтық сыны өтіп жатыр.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте қос жерлесіміз - Сәкен Бекбосынов пен Кенже Мұратұлы қолғап түйістірді. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен Бибосынов сенімді жеңіске жетті. Есеп — 5: 0.
Сәкен Бибосынов 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал 2021 жылы әлем чемпионы атанды.
Айта кетсек, бүгін халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.