Атмосфералық фронт әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады.
Елдің батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, күндіз солтүстік-батыста бұршақ, дауыл, түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болады.
Алматы, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде – аптап ыстық.
Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде және Қызылорда облысының батысында, шығысында, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады.