Сөредегі азықты смартфон анықтайды
Сөредегі азықты смартфон анықтайды
170
оқылды
Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бағдар­ла­масы аясында өнімді қадағалаудың салалық жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Яғни, сатып алу­шы сөредегі азық-түлік туралы толық ақпаратты смарт­фонның көмегімен анықтай алады. Ол үшін ар­найы QR-кодты сканерлесеңіз болғаны, мәлімет – алақаныңызда. Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігінің баспасөз қызметі тарат­қан мәлімет бойынша, жаңа жүйе арқылы тұтынушы дүкендегі азық-түліктің қайдан келгенін, қайда өскенін немесе кім өсіргенін, қай жерден тасы­мал­данғанын біле алады. Одан бөлек, ет өнімі болса, малдың егілген, егілмегенін және иесі кім екені жөнінде қалта теле­фо­ныңыз арқылы түгел анық­тай аласыз. Бір сөз­бен айтқан­да, азық-түліктің шаруадан бастап дүкен сөресіне дейінгі жолын көруге мүмкіндік туады. Бұл ақпаратты алу үшін арнайы «мобильді қосымша» жаса­ла­ды. Айта кетейік, қадағалау жүйе­сі тамақ қауіпсіздігін қамта­­масыз ету мақсатында енгі­зіледі. Сондай-ақ аталған жүйе Қазақстанға өз өнімін экспортқа шығаруға мүмкіндік бермек. Бұл тұрғыда министр­лік қадағалау жүйесін сүт өнім­дері және тауық жұмырт­қа­сынан бастауды көздеп отыр, себебі ЕАЭО елдерінде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің аталған түрлерін таңбалау бо­йын­ша жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, Ресейде биылғы 1 маусымнан бастап сүт өнім­де­рін міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі. Сәйкесінше, қазақ­стан­дық тауар да сол уақыттан бастап ресейлік нарыққа шығу үшін жаңа талапқа сай болуы тиіс. Рас, қадағалау жүйесін ен­гізу тауар өндірушілерден қо­сым­ша шығындарды талап ете­ді. Осыны ескерген Ауыл ша­руашылығы министрлігі бас­­­тап­қы кезеңде жүйені пи­лот­тық жоба ретінде отандық сүт зауыттарының бірінде іске қо­суды ұсынды. Бұл нарыққа қа­тысушылар үшін қаржылық шы­ғындарды есептеуге және барлық тәуекелдер мен сал­дар­ды бағалауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, сүт өнімдерін таңбалау бойынша тәжірибе Ресейде 15 шілдеде басталған болатын, пилоттық жоба 2020 жылдың 29 ақпанына дейін со­зы­луы тиіс. Дегенмен ірі ре­сей­лік сүт өндірушілер өз өнім­де­рі­не жаңа таңбалау жүйесін ен­гізу құнын 25 миллиард рубль­­­ден астам бағалады. Мұн­дай ақша маркаларды басып шығару үшін принтерді сатып алу және орнату үшін қажет делінген еді. Алайда Ресейлік кей­бір сарапшылар тұтынушы күн­делікті сатып алатын бөл­шек тауарларды таңбалау өнім­нің өзіндік құнын едәуір арт­ты­ра­тынын әрі өнімнің баға­сы­ның өсуіне әкелетінін айт­қан. Ал бізде ол қаншаға баға­ла­на­тыны жайлы ресми ақпарат кездестірмедік.   Дастан ДУМАНҰЛЫ