Ник Клеггтің айтуынша, генеративті ЖИ-дің даму нәтижесіндегі артықшылықтар көптеген қолданушыны қуанта бастады, бірақ ЖИ-дің туғызатын кері салдары да бар екенін ұмытпайды. Ол үшін жобаларды жауапкершілікпен және айқындықпен жасау қажеттігін түсіндірді. Бұл туралы толығырақ TheVerge.com сайтына сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz хабарлайды.
Фото TheVerge.com сайтынан алынды.
Feed, Stories, Reels, және Meta-ның әлеуметтік медиа платформаларында пайдаланушылар тұтынатын ақпараттың көп бөлігі 22 «жүйелік карта» арқылы өңделеді. Жасанды интеллект белгілі бір мазмұнның пайдаланушы үшін «қаншалықты құнды» екенін болжап, оны жоғары қарай жылжытады. Ол қанша рет бөлісілген, қанша уақыт көрілген, және т.б. кері байланыс тәсілдер негізінде сұранысыңызды болжайды.
Фото Twitter.com сайтынан алынды.
Instagram Explore жүйесінің ерекшелігі — пайдаланушыларды қызықтыру мақсатында олар өздері жазылмаған аккаунттардың фотосуреттері мен мазмұнын көрсету мүмкіндігі. Осындай контентті ұсыну үшін ЖИ-дің автоматтандырылған қозғаушы күші үш қадамдық үдерістен өтеді:
1. Контент жинау: компанияның сапа және тұтастық ережелерін сақтайтын фотосуреттер мен видеороликтер сияқты жалпыға қолжетімді Instagram мазмұнын жинайды.
2. Қызығушылық белгілері: ЖИ жүйесі «кіріс сигналдары» деп аталатын пайдаланушы жиі көретін немесе оны қызықтырған мазмұнның белгілерін сипаттайды.
3. Мазмұнды саралау: ЖИ жүйесі алдыңғы қадамдағы мазмұнды сараптап, қызығушылық деңгейлеріне саралап, пайдаланушының сұранысына сәйкес контентті ұсынады.
Фото Getty Images сайтынан алынды.
Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары жазбаларды сақтау, комментарий жазу немесе басқа да кері байланыс тәсілдерін қолданғанда бұл процесске қатысады. Олар фотосуретті немесе видеоны ұнатпаған жағдайда «қызық емес» түймесін баса алады.
Meta компаниясы Instagram үшін TikTok-тағы «Қызық емес» түймесіне ұқсас мүмкіндікті қоспақ. Бұл функцияның көмегімен ЖИ алгоритмі қандай контентті көргіңіз келмейтінін түсініп, Instagram-дағы лентаңызды қайта өзгертеді.