Осы жылдың 2 шілдесінде Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы «Ботақара-Доскей» тасжолында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Nissan автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Көлік тізгінінде «AMANAT» партиясы Бұқар жырау аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Анара Бозаева болды. Бұл ақпаратты оның өзі растады.
Ол көп жылдан бері көлік жүргізіп келеді.
Сондай-ақ оқиға орын алған кезде ол еңбек демалысында болған.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысының полиция департаменті ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізуде, оның нәтижесі бойынша кінәлілер заңда көзделген талаптар бойынша жазаға тартылады.