Атырауда Жайықта екі қайық соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға түсті

Төтенше жағдай 3 шілде күні сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде болды.

Серуенге шыққан моторлы қайықтар соқтығысқан. Қайықтың біреуінде 10 адам, екінші қайықта 25 адам болған. 

Әртүрлі жарақат алған 9 адам ауруханаға жеткізілген.

 

"Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1 бөлігімен (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Фото: wikipedia.org