Германиялық боксшы Винченцо Гуалтьери орта салмақта IBF чемпионы атанды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Бос қалған титул үшін айқаста Гуалтьери төрешілер шешімімен бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңді.
Жәнібек Әлімханұлы енді жаңа чемпионды жекпе-жекке шақырды.
"Винченцо Гуалтьери, жеңісіңмен құттықтаймын. Менің клубыма қош келдің. Менің чемпиондар клубыма. Жекпе-жекке шығайық. WBO тұжырымынша әлем чемпионымен IBF бойынша әлем чемпионы", – деп жазыпты Жәнібек Instagram желісінде.