Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Асылбек Жылқыбекұлының айтуынша, бас қаланың 25 жылдығына орай, концерттен бастап спорттық фестивальдерге дейін түрлі іс-шаралар жоспарланып отыр.
– 6 шілде күні облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында «Астана – елімнің ордасы» атты мерекелік концерт өтеді. Бұл концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар өнер көрсетеді. Сонымен қатар Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Астана – арман қала» атты апталық кітап көрмесі ұйымдастырылады. Елорда күні тек қала бойынша емес, аудан орталықтарында да кең көлемде аталып өтеді, – деді спикер.
Сондай-ақ 8 шілде күні Атырау қалалық денешынықтыру бөлімімен Атырау қаласының Жайық өзенінде «Байдарка есу» сайысын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Баян Жанұзақова