Жаркентте жанар-жағармай құю стансасында қару-жарақ сақталған орын табылды.
Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Панфилов ауданы Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю стансасында қос ауызды шолақ мылтық, сондай-ақ 9 патронмен бірге «STREAMER 1014» травматикалық тапаншасы сақталған жасырын орынды тапты.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды. Табылған қару сараптамаға жіберілді.
«Заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оған негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекеттерінде басқа құқықбұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге саламыз», – делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.