Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
Енді "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысық пен итке чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндеттелді.
Ал үй жануарларының басқа түрлерін, яғни егеуқұйрық, алақоржын немесе мини-пигтерді есепке алу ерікті негізде жүргізіледі.
Қазақстандықтар үшін электрондық жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу – тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иесі өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ.
фото: moizver.com