Twitter-ге бәсекелес болатын әлеуметтік желі іске қосылды

Оның интерфейсі пайдаланушыларда тексеруді растайтын көк түсті белгішелерге дейін Twitter-ге ұқсас ерекшеліктерге ие.

Марк Цукерберг бастаған Meta бейсенбіде америкалық миллиардер және кәсіпкер Илон Маскқа тиесілі Twitter-ге бәсекелес болатын жаңа Threads мәтіндік хабарлама қызметін іске қосты. Бұл туралы "Прайм" агенттігі хабарлайды. 

App Store онлайн дүкеніндегі жаңа қолданба бетіндегі сипаттамаға сәйкес, оны 6 шілдеден бастап жүктеп алуға болады және "өзінің идеяларың мен трендтермен бөлісуге" арналған. Threads Meta-ға тиесілі Instagram Inc портфолиосындағы үшінші қызмет болады.

"Threads – бүгін Сізді қызықтыратын тақырыптардан ертең трендке айналатын мәселелерге дейін талқылау үшін жиналатын орын", – делінген аннотацияда.

Қолданба 30-дан астам тілді қолдайды, олардың арасында ағылшын, қытай және орыс тілдері бар. Оның интерфейсі, бетте келтірілген суреттерден көрініп тұрғандай, пайдаланушыларда тексеруді растайтын көк түсті белгішелерге дейін Twitter-ге ұқсас ерекшеліктерге ие.

Twitter Threads-тің басты бәсекелесі болып саналады.

фото: https://applespbevent.ru/