Белгілі кәсіпкер қайтыс болды

Кәсіпкердің қазасының себебі белгісіз.

Кәсіпкер Рәшкүл Жәлелқызы Оспанәлиева өмірден өтті. Бұл туралы Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

 

*Ескерту! Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі атауы Түркістан облысыред.

 

Рәшкүл Оспанәлиева Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 4-шақырылым депутаты (2007-2011), Шымкент қалалық мәслихатының «Нұр Отан» ХДП ұсынылған депутаты (2006-2007) болған.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі (2002 жылдан). «Атамекен» Шымкент қалалық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының төрайымы (2006 жылдан).

Шымкент қаласындағы «Нұр Отан» ХДП Еңбекші аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі (2008 жылдан). 

ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы консультациялық-мәжілістік кеңес төрағасының орынбасары (2008 жылдан). ОҚО Азаматтық альянсының вице-президенті (2008 жылдан) болды. 

«Құрмет» (2006), «Признание» (Халықаралық әлеуметтік бастамаларды көтермелеу қорының, Ресей, 2008) медальдарымен; 

«Отандық тауар өндірісі және құрылыс» номинациясында «Әйел басшылық ететін үздік кәсіпорын» республикалық сайысының жеңімпазы ретінде ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның дипломымен (2005); 

«Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны мерзімінен бұрын орындағаны үшін» Оңтүстік Қазақстан облыстық сәулет, құрылыс және көркейту департаментінің дипломымен (2005); 

«Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін» ҚР Президентінің Құрмет дипломымен (2006); 

Орта кәсіпкерлік субъектілері арасындағы «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында «Парыз-2009» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша өткізілген сайыстың күміс лауреаты ретінде ҚР Президентінің дипломымен марапатталған; 

ҚР Президентінің алғысын алған (2005, 2007).

Жамбыл облысы Шу ауданының (2008), ОҚО Бәйдібек, Қазығұрт аудандарының (2008-2009) Құрметті азаматы.