Кеше «МАЭК» ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмысы аяқталып, сағат 05.51-де энергоблок жұмысқа қосылды. Бұл туралы Aikyn.kz «МАЭК» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жөндеу жұмысы сапалы жасалғанымен, 6 шілде күні сағат 17.33-те ЖЭС-та №1 энергоблок тағы да мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Қазір ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеуге кірісті.
Маңғыстау облысының тұрмыстық тұтынушыларын электр тогымен қамтамасыз етуді қолға алды. Елді мекендерде су бар. Жөндеу жұмысын 9 шілде сағат 00.00-ге дейін жүргізуге шұғыл өтінім берілді.
Жөндеу жұмыстарын 8 шілде 00.00-ден кейін бастау жоспарлануда. Себебі энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет.
Еске сала кетейік, 03.07.23 ж.сағат 17.31-де ЖЭС-та қазандыққа келіп тұрған токтың күрт артуына байланысты №1 энергоблоктың (жүктеме 133 МВт) жұмысы тоқтатылды.
4 шілдеде сағат 21.50-де № 1 энергоблогы салқындағаннан кейін жөндеу жұмыстары басталды. MAЭК қызметкерлері жөндеп жатыр.
Бұған дейін апатқа байланысты «Өзенмұнайгаздың» бас директоры ақиқатты айтқан болатын.