Батыс Қазақстанда жүк көлігі өртеніп, соңы алапат өртке ұласты

Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртенді.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін Сырым ауданы Тоғанас ауылы тұсында болған.

Сағат 12.20-да 101 пультіне Самара-Шымкент тасжолы бойында жүк көлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түсті. Самара-Шымкент тасжолының 320-шақырымында жартылай тіркемесімен ауыр жүк көлігі өртеніп, жалын құрғақ шөпке ұласқаны анықталды.

 

Жүк көлігіндегі өрт сағат 14.30-да оқшауланды. Құрғақ шөп әлі жанып жатыр. Даладағы өртті 22 адам, 5 техникамен сөндіріп жатыр.