Бүгін сағат 13.54-те 112 пультіне «Артур» сауда үйінің шатыры ұшқаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Aikyn.kz Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметте қирандының жалпы ауданы 300 шаршы метр екені айтылды.
Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы және Апаттар медицинасы орталығының 3 медицина қызметкері жұмыс істеді.
Құтқарушылар конструкцияны бөлшектеуге кірісті. Олар 1975 жылы туған ер адамды үйіндінің астынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Құтқарушылар зардап шеккен адамды блоктан шығару үшін арнайы гидравликалық құтқару құралдарын қолданды. Зардап шеккен адамды алып шыққаннан соң оқиға орнына барлау жүргізілді. Сондай-ақ жақын маңдағы 13 автомобильде зардап шеккендердің бар-жоғы тексерілді.
Тағы бір ер адамды жедел медициналық жәрдем бригадасы құтқарушылар келгенге дейін ауруханаға жатқызды.