Павлодарда «Артур» сауда үйінің шатыры опырылып, екі адам соның астында қалып қойған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Павлодар қалалық ауруханасының баспасөз қызметі оқиғадан зардап шеккендердің жағдайын айтып берді. Екі науқастың да жай-күйі бірқалыпты.
«1971 жылғы ер адам ашық бассүйек-ми жарақатын алған. Жағдайы тұрақты. 1975 жылы туған ер адамда политравма болды. Жағдайы тұрақты ауыр, оң аяғының сүйектері бірнеше жерінен сынған. Жансақтау бөлімінде жатыр», – деп хабарлады №1 Павлодар қалалық ауруханасы.