Павлодарда 25 жастағы әйел ағасына хабарлама жіберіп жоғалып кетті

Әйелдің жоғалғаны туралы күйеуі хабарлаған.

Павлодарда VITA отрядының еріктілері 25 жастағы жергілікті тұрғын Әсем Тайлақованы екінші күн қатарынан іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Еріктілердің айтуынша, қыз 5 шілдеде үйінен шығып кеткен. Осының алдында ол туысқанына телефон арқылы суға батып кететінін айтып смс жолдаған. Содан бері қызды ешкім көрмеген, ол жұмысқа да шықпаған, үйіне де оралмаған.

VITA командасының айтуынша, павлодарлық әйелдің жоғалғаны туралы күйеуі хабарлаған. Қазір жастар ажырасу сатысында екені белгілі. Ерлі-зайыптының екі кішкентай баласы бар.

"Бүгін іздестіріу барысында бейнебақылау камерасындағы жазбаны көрдік, онда әйел түсіп қалған. Ол Жаяу Мұса көшесі бойындағы үйдің кіреберісінен шығып, мини-маркеттен өтіп, облыстық балалар ауруханасына қарай бет алған", - дейді еріктілер.