Атырау облысының аумағындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр.
Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы кеше, 7 шілдеде сағат 23:00-де ақпарат түскен.
«Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жайт туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен құралған комиссия балық қырылды деген орынды тексеру үшін жолға шықты», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.