Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өрті 450 гектарға жайылды.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, жағалаудағы қамыс өртінің аумағы ұлғайған.
«Бүгін, 8 шілдеде сағат 13:00-дегі жағдай бойынша қамыстың жану аумағы 450 гектар болды. Оның ішінде 50 гектары жанып жатыр. Қамыс өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 38 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылармен бірге жалынды ауыздықтауға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 28 қызметкер және 9 техника, 4 мотопомпа тартылды», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.