Батыс Қазақстанда екі автобус жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында контейнер мен екі автобус жанып кетті.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, оқиға 9 шілде күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болған.

«Сағат 03:08-де Завод көшесі, 14/3 мекенжайында «Восход» ЖШС аумағында автобөлшектерімен темір контейнер (20 шаршы метр) отқа оранды. Сондай-ақ «ПАЗ» маркалы екі автобустан түк қалмады. Оған қоса жалын Митсубиси Кантер автокөлігі базасындағы иінді көтергіш пен «Лада Веста» жеңіл көлігін ішінара шарпыды. Тілсіз жау сағат 03:45-те оқшауланып, 04:08-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Соңғы күндері өңірде күн күрт ысып, өрт қаупі күшейіп тұр.