«Қазгидрометтің» мәліметінше, тек қана батыста атмосфералық фронт әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Өңірлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.
Ал Ақтөбе облысында, Ақмола облысының батысы, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігі, Ұлытау облысының оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысы мен солтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Қостанай, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт тұтануы ықтимал.