Артынша ізін жасыру үшін күдікті мәйітті өртеп жіберген. Сұмдық оқиғаға қатысты полиция заңда көзделген қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
«Күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріле отырып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – дейді облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.