Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,64 теңгеге төмендеп, 1 доллар 440,55 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу – 445,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442 теңгеден болса, сатып алу – 446 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,90 – 5,04 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,87 – 5 теңгеден сатылуда.