«Әскери құрылыс» АҚ басшысы 596 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Залалдың жалпы сомасы – 596 млн теңге.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.

11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы «Әскери құрылыс» ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты адамдар бар.

Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарт жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Шығынды өтеу үшін қылмыстық жолмен алынған мүлікті пайдалануға тыйым салынды.

Қазіргі уақытта айыпталушылардың ісі сотқа берілді.