Америкалық комедиялық актриса Сара Силверман технологиялық алпауыт Meta мен ChatGPT жасаушысы OpenAI компанияларын авторлық құқығымды бұзды деп айыптап, сотқа берді.
Оның айтуынша, екі компания да өздерінің жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерін дайындау кезінде авторлық құқықпен қорғалған материалдарды рұқсатсыз пайдаланған. BBC News жариялаған материалдардың негізінде Aikyn.kz айыптаулардың себептерін талдайды.
ChatGPT сияқты жүйелер адамдар жазған үлкен деректер жиынын талдау арқылы адамға ұқсас мәтіндер жазуды үйренеді. Силверман ханымнан басқа тағы екі автор өздерінің авторлық құқықтарын бұзды деп екі технологиялық компанияға айып тағуда.
OpenAI-ге қарсы істе авторлар өздерінің келісімінсіз «авторлық құқығы қорғалған материалдарды қолданып, ChatGPT-ты оқыту үшін пайдаланған» деп мәлімдейді.
Facebook пен Instagram-ға иелік ететін Meta-ға қарсы іс оның LLaMa жасанды интеллект жүйесіне қатысты. Бастапқыда зерттеумен айналысатын пайдаланушылардың шағын тобына ғана арналған жүйе кейіннен желіге ағып кеткен.
Төмендегі видеода авторлық құқықтың бұзылуы мен оны қорғаудың заңдық тәсілдері көрсетілген:
LLaMa – бұл ЖИ зерттеулеріне көмектесуге арналған «үлкен тіл моделі». Басқаша айтқанда, бұл көптеген мәселелерді шешу үшін пайдалануға болатын зор ЖИ жүйесі.
Үлкен тіл үлгісі (LLM) деп – мәтіндердің үлкен көлемі негізінде үйретілген көптеген параметрлері (миллиардтаған салмақтық коэффициент) бар нейрондық желіден тұратын тіл үлгісі.
Айыптаушылар өздерінің кітаптары LLaMa жүйесін оқыту үшін пайдаланылған басқа ұйым құрастырған деректер жинағында қолданылғанын айтады.
Лондон Сити университетінің заң кеңесшісі Патрик Гулд BBC-ге екі жағдайда да үлкен тілдік модельді оқытуда авторлық құқықпен қорғалған материалдарды қалай әділ пайдалануға болады деген мәселеге байланысты екенін жеткізген.
Айыптаушыларға көмектесетін заңгерлер Мэттью Баттерик пен Джозеф Савери екі автордың OpenAI-ге қарсы бұрынырақта қозғалған сот процесіне қатысып жатыр.
Олар «OpenAI компаниясының ChatGPT жүйесінің 4-деңгейі 2023 жылдың наурыз айында шығарылғаннан бері біз оның авторлық құқықпен қорғалған материалдарда, соның ішінде мыңдаған кітаптарда кездесетін контентке ұқсас мәтін құру мүмкіндігіне байланысты алаңдаушылықты жазушылардан, авторлардан және баспалардан естіп жатырмыз» деп жазады.
Иллюстрация zuykov.com сайтынан алынды
Бірақ басқа заң мамандары OpenAI-ды кітаптарды көшірді деп айыптау қисынсыз деп ойлайды. Заң фирмасы өткен жылы екі іс қозғады, біреуі бағдарламашылар атынан және екіншісі ЖИ жүйесі құқықтары бұзылды деп мәлімдеген суретшілер атынан.
Мета бұл проблема бойынша түсініктеме беруден бас тартқан. OpenAI әзірге BBC сұрақтарына жауап берген жоқ.