Ақтөбеде 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Бүлдіршін жасанды тыныс алу аппаратына ауыстырылды.

Ақтөбеде 3 жасар бүлдіршін бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

«Гемодинамикасы салыстырмалы түрде тұрақты, тахикардия, аралас жарақат, жұлынның жабық жарақаты, үшінші кеуде омыртқасының сынуы деген диагноздар қойылды. Гемопневмоторакс, яғни қанның плевра қуысында, екі жағында да жиналуы байқалады, бауыры көгерген», – деді Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Полицейлер мен дәрігерлер ата-аналардан мұқият болуды, балаларды қараусыз қалдырмауды, москит торларының баланың салмағына төтеп бере алмайтынын ескертеді.