Петропавлда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні басып кетті

19 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

13 шілде сағат 00.10 шамасында Петропавл қаласы Қожаберген жырау көшесінде ЖКО болып, нәтижесінде 38 жастағы "ВАЗ 2114" автокөлігінің жүргізушісі жол бөлігіне белгісіз жерде шыққан жаяу жүргіншіні басып кетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға орнына полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері келді.

Артынша сағат 00.30 шамасында оқиға орнына жақын тұрған жедел жәрдем көлігі мен өтіп бара жатқан Mercedes-Benz 124 соқтығысты. Апат салдарынан 22 жастағы фельдшер медициналық мекемеге жатқызылды.

37 жастағы Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері ұстады.

ЖКО фактілері Қылмыстық кодекстің 345-бабы  3-бөлігі және 345-1-бабы1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қамалды. Полиция қажетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал жинап жатыр. Анықтау жүріп жатыр.