Семей қаласында ер адам суға батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ертіс өзенінің "Пристань» қалалық жағажай ауданында 1998 жылы туған ер адам мас күйінде шомылуға барып, көрінбей кеткен. Құтқарушылар бір сағат ішінде ер адамның жансыз денесін тапты», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.