Оқыс оқиға, бүгін, яғни 13 шілде күні сағат 13.32-де Атырау қаласындағы Махамбет Өтемісұлы көшесінде орналасқан бес қабатты үйлердің бірінде тіркелді. Өрт бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан.
Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен бесінші қабатта қалған 70 жастан асқан азаматшаны құтқарып алған.
«Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған пәтер иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Өрт салдарынан жалпы ауданы 62 шаршы метрді құрайтын пәтердің 9 шаршы метр асхана бөлмесіндегі тұрмыстық заттар жанған.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде өрт санаулы минуттарда сөндірілді. Осылайша, өрттің асүйден басқа бөлмелер мен көршілес пәтерлерге таралуына жол берілмеді»,- деп нақтылады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Баян Жанұзақова