Астана халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушыларға ескерту жасады.
Астана халықаралық әуежайында 15 шілдеден бастап 8 тамызға дейін ұшу-қону жолағын жыл сайынғы жөндеу жұмысы жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.
«15 шілде мен 8 тамыз аралығында жолаушылардың әуежайға ерте келуін және тіркеуден алдын ала өтуін сұраймыз. Ұшу кестесін түзетуден туындаған жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты әуежайда жолаушылар кептелісі болуы ықтимал», – деп ескертеді әуежай әкімшілігі.
Фото: inform.kz