Абай облысындағы орман өртінің беті қайтты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ және орман шаруашылығы бөлімшелерінің бірлескен күшімен сағат 19:33-те өрт оқшауланды. «Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша өрттің ауданы 350 гектар жерді құрайды, оның 150 гектары орман.