Министр «Ертіс орманындағы» өртті сөндіруге аттанды

Қазіргі уақытта тілсіз жау 600 гектар аумақты шарпып үлгерді.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов «Ертіс Орманы» аумағындағы өртті жою жөніндегі жедел жұмыстарды жеке бақылау үшін Павлодар облысына аттанды, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Ұшып аралау және жағдайды бағалау жүргізілді, күштер мен құралдарды тиімді пайдалану бойынша нұсқаулар берілді.
Қазіргі уақытта Сырым Шәріпханов жедел штабта, жағдайдың эпицентрі – «Ертіс Орманы» өрт орнында.