Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстап, одан 100 миллион теңгеден аса сомаға синтетика партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тобылда "Қарасора – 2023" жедел алдын алу шарасы шеңберінде күдіктіні ұстау операциясын жүргізді.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тобылда полиция қызметкерлері тінту кезінде 3 келіден аса синтетикалық есірткіні сақтаған күдіктіні ұстады. Бұдан басқа, 2 мыңнан аса оралған синтетика тәркіленді, бұл аса ірі көлем", – деп Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов облыстың 31 жастағы тұрғынын ұстау жөніндегі операцияның мән-жайын айтты.
Мұндай партияның құны 100 миллион теңгеден асады. Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат – "мефедрон" синтетикалық препараты.