«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронт әсерінен батыс, солтүстік, оңтүстікте жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Өзге аумақтарда көбінесе ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41°с аптап ыстық күтіледі.
Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.