Апат салдарынан жолаушылар пойызы уақытынан кешігіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 шілде сағат 01.29-да Шу ауданында Аспара стансасында вагондар рельстен шығып кеткен.
«Тараз - Шу» бағытындағы жүк пойыздарының вагондары рельстен шығып кетті. Салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ТЖД азаматтарды психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары: 8 (726) 51-35-75, 8 (726) 41-41-67 жұмыс істейді.
Фото: yandex.kz