«Қазақстан темір жолы» апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрды.
17 шілде түнгі сағат 01.05 кезінде Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Апат жолаушылар пойызының жүру кестесіне кері әсер етті.
Барлық пойыздар ауызсумен қамтамасыз етілген. Вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр.
Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында жүк вагондары рельстен шығып кеткеннен кейін тоқтаған пойыздар қозғалысы реттелді.
Компания жолаушылардан кешірім сұрады.