«Қазгидромет» 18-20 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері еліміздің солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады.
18-19 шілде күндері батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде – солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.
Осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.