Eurasian Resources Group-тың 56 қызметкері баспаналы болды

Металлургтер күні Eurasian Resources Group-тың қызметкерлеріне пәтер мен автокөлік кілті табыс етілді.

ERG тұрғын үй бағдарламасын сәтті іске асырып отыр. Атап айтқанда, Eurasian Resources Group-тың төрт кәсіпорны  – «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасы, «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты мен «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ қызметкерлері баспаналы болды. 

Кәсіби мерекеде ERG-дің жалпы саны 56 қызметкері (оның 30-ы ҚЭЗ, 12-і ССКӨБ, 11-і Ақсу ферроқорытпа зауыты, 3-і КБКБ қызметкері) қоныстойын тойлады. Көпшілігі – жемісті еңбек еткен сұранысқа ие мамандық иелері, жас мамандар (35-ке толмаған) мен көпбалалы отбасылар.

 

 

Кілті тапсырылған үйлердің Павлодар, Рудный, Ақсу мен Лисаковск қаласындағы бұл үйлер инфрақұрылымы толықтай жасалған. Тұрмысқа қажеттің бәрі – мектеп, балабақша мен емхана, сауда орталықтары жақын маңайда салынған.  

ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич: «Туған қаламыздағы Металлургтер күні – бұл әлдеқашан жай ғана кәсіби мереке емес. Бұл – қала деңгейінде атап өтілетін ұлан-асыр той. Мыңдаған адам, олардың отбасы, туған-туысы өмірін еліміздің металлургия өнеркәсібімен, ERG компаниясымен байланыстырғанын мақтан тұтады. Еуразиялық топтағы металлургтер өзге кәсіп иелерімен бірге заманның сын-қатеріне қарамастан, еліміздің экономикасына үлес қосып жатыр. Қай заманда да металлург мамандығы сый-құрметке ие. Бұл қиын жұмыс адалдық, төзімділік пен шыдамдылықты қажет етеді. Күн сайын металлургтер саланың дамуына атсалысып, металл өндірісіне жанын салуда. Біз осындай қайсар жандармен бірге иық тіресе жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз және әрқайсысы қауіпсіз әрі жайлы өмір сүрсін деп бар жағдай жасап келеміз», – деді.

Пәтер кілтін кәсіпорындардың бірінші басшысы мен Отбасы банкінің аймақтық филиалдарының жетекшісі табыс етті. 

«Геосаяси жағдайға байланысты барлық кәсіпорынымыз логистика пен тасымалдау бойынша қиындықтарға тап болды. Соған қарамастан, ERG өз қызметкерлеріне қолдау көрсетіп келеді. Осындай ірі қиындықты жеңіп, Қазақстанда біз бірінші рет қызметкерлеріміз үшін бірегей шартпен тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырдық. Туған қаламызды дамытып, қызметкерлерге қолдау көрсетеміз. Металлургтер – біздің мақтанышымыз, олар металлургия саласын өрге сүйреп келе жатыр. ERG-ге сіздердің ертеңгі күнге нық сенімді әрі біздің қолдауымызды сезінгеніне қуанамыз», – деді ERG Директорлары кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов.

 

 

Жаңа баспанаға қол жеткізген қызметкерлер алдағы 5-8 жыл пәтерді айына 1000 теңге жалдау ақысын төлеп, Отбасы банкіндегі өз депозитінде пәтер құнының 50%-н жинауы керек. Осы шарт орындалған кезде Отбасы банк пәтер құнының қалған 50%-н жылына 5% үстемемен тұрғын үй займы ретінде береді. Кейін үстеме 3,5%-ға дейін төмендейді. 

Отбасы банкінің Басқарма төрайымының айтуынша, Eurasian Resources Group  қызметкерлерді тиімді шартпен баспанамен қамтудың ең тиімді жолын таңдаған.  

«Біз бірлескен жобаға қуана-қуана қатысамыз. Өйткені, бұл жоба еңбек адамына жасалған қамқорлық. Олардың әлеуметтік тұрмысы түзелсе, ертеңгі күнге сенімі артады. Жанға жайлы баспанасы бар адам болашағына сеніммен қарайды. Үміті ақталады. Біз ERG-мен бірінші рет жұмыс істеп отырған жоқпыз. Оған баспаналы болған жүздеген шаңырақ дәлел», – Отбасы банкінің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.   

Сондай-ақ «Шұбаркөл көмір» АҚ туған күніне орай көмір өндіруші кәсіпорынның 20 қызметкері Қарағандыда пәтер сатып алуға сертификат алды. 

 

Кеншілердің тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін арнайы жеңілдігі бағдарлама әзірленді. Оның кепілгерлері Қарағанды облысының әкімдігі, Отбасы банкі және Еуразиялық топ (ERG) болды. 

Бағдарламаға қатысушылар Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Байқау кеңесінің төрағасы – ERG Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов, Еуразиялық топтың бас директоры Серік Шахажанов пен Отбасы банктің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың қолынан 20 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген сертификаттар алды.

Сонымен қатар кәсіби мерекеде театрлар да металлургтерге ерекше сый жасады. Олардың еңбегі мен өмір жолын арқау еткен шығармаларды сахналады. Метеллургтер мерекесі ұлан-асыр өнер фестиваліне ұласты.  

 

Metal Fest өнер фестивалі – ERG компаниясының металлургтері мен театр өнерпаздарының бірлескен еңбегі. ERG компаниясының қызметкері жазған тарихи оқиға фестивальдің басты көрінісі болды. Баламасы жоқ фестивальді ERG компаниясының Алюминий дивизионы құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ қала тұрғындарына тарту етті.

Қалалық мәдени фестиваль жас-кәріге өте қатты ұнады. Мерекелік қойылым алаңнан басталды. Қала тұрғындарын түрлі түсті костюм киген актерлері қарсы алды. Қонақтар қуанып суретке түсті. Балаларға арнап  ойын, спорттық жарыс, шеберлік сыныптарын өткізді. Тегін балмұздақ таратты. Анимациялық бағдарлама ұсынды. Ересектерге «Той» және «Ақ бата» секілді ерекше театр қойылымы,  театр шеруі, үздіктерге жүлде беретін ұтыс ойыны бар театр аттракционы қойылды.

Мерекеде елді елең еткізген ерекше тарту – «Темір Элемент» пьесасын көрермен ерекше бағалады. Бұл идея 2022 жылы ERG жыл сайынғы «Шеберлер елі» корпоративтік байқауын өткізген кезде басталған еді. Бұл байқау жыл сайын корпоративтік мәдениетті дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және компания ішіндегі қызметкерлердің өзін-өзі дамыту мүмкіндігін көрсету мақсатында өткізіледі. 

Байқауға қатысуға 30-дан астам өтінім түсті. 8-і жобаның финалына шықты. Олар үшін заманауи драматургиядан шеберлік сыныптары өткізіліп, кейін финалға өтті. Бұл кезеңде құрамында театр продюсерлері, арт-менеджерлер мен қазақстандық драматургтер бар қазылар алқасы үздік екі конспектіні таңдады. Шығармашылық байқауда Гульмира Матхаликованың «Темір Элемент» атты пьесасы және Болат Қуанышовтың «Әкелер тарихы» қойылымы үздік атанды.

 

Ел экономикасының дамуына ерекше ERG компаниясы маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруға және инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салып келеді.