– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдау мәселесіне баса мән берілген. Онда 2029 жылға дейін 2,3 миллион жасты жұмысқа орналастыру міндеті қойылды. Осы орайда партияның «Жастар Рухы» жастар қанаты «Жастарға жұмыс» жобасын жүзеге асырып отыр. Жобаның негізгі бағыттарының бірі – бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу, – дейді «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы Ержан Хамитов.
Айта кету керек, соңғы бір айдың ішінде Қарағанды қаласында «Жастар Рухының» ұйымдастыруымен 3 жәрмеңке өтті. Халық оның ішінде жастар ең көп шоғырланған Таир сауда үйі мен «Алтын арба» базарында өткен жәрмеңке қаладағы Орталық саябақта жалғасты.
Жәрмеңкеге бірнеше мекеме қатысты. Мысалы, KamaTyresKZ-ке резеңке бұйымдарын сынаушы, шина өңдірісін бақылаушы сынды жалпы 27 мамандық бойынша бос жұмыс орнын ұсынса, қала кітапханаларына да қызметшілер керек.
Арнайы келген қалалық мәслихат депутаттары әлеуметтік мәселелер бойынша халықтың айтар уәжін тыңдады. Ал Аграрлық несие корпарациясынан келген өкілдер жастарға берілетін шағын несие туралы келгендерге айтып берді.
– Жәрмеңкені ұйымдастыруда бізге қолғабыс көрсеткен облыстық Жастар ресурстық орталығына, жұмыс беруші ұйымдарға, жұмыспен қамту орталығына және ақпараттық қолдау көрсеткен БАҚ өкілдеріне алғыс айтамыз, – дейді Ержан Хамитов.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,
Қарағанды облысы