Атырауда ірі жол апатынан анасы мен екі қызы көз жұмды

Жеңіл көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Қайғылы оқиға 18 шілде күні сағат 15:30 шамасында "Атырау-Индер" тас жолында болған.

 " Toyota Camry" машинасы "КАМаз" жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөліктің 3 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған.

 "Жеңіл көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған 3 жолаушы анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары Марқұмдар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары", – делінген Атырау облысы полиция департаменті  таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова