Көлге көлікпен кірген жүргізушіге айыппұл салынды

Оқиға Шалқар көлінің жағасында болған

Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінде автокөлігімен жүрген жүргізушіге айыппұл салынды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында 15 шілде күні «Toyota Camry» автокөлігінің судағы қозғалысы түсірілген бейнежазба жарияланғаны анықталды. Оқиға Шалқар көлінің жағасында болған.

«Ол көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірінің басқа автокөлікке тиесілі екені белгілі болды. 20 жастағы жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабы 3-бөлігіне (көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсін орнату) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды», - деп хабарлады ведомстводан.