Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысына, оңтүстігіне ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырауда таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп болжанды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні – 15-18 м/с.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, 25 м/с болатын жел соғады. Өрт қаупі сақталады.
Семейде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігіне, шығысына, оңтүстігіне ауысып, екпіні 15-20, 25 м/с болады. Өрт қаупі сақталады.
Өскеменде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с. Өрт қаупі сақталады.