Діни нысандар энциклопедиясы

Қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қа­лыптастыру мақсатында Астанада Дін істері басқармасы дайын­даған кітаптар жұртшылыққа таныстырылды.

Аталмыш іс-шара аясында бас қалада ресми қызмет ететін діни бір­лес­тіктердің шығу тарихы, діни ғибадат ғимараттары жайында жа­зылған «Елор­даның діни нысандары» атты энциклопедияның тұ­саукесері өтті. 

Аталған кітап – елордадағы діни бірлестіктердің тарихы мен культтік тәжірибесі туралы жазылған тұңғыш туынды. Тұсаукесер рәсіміне Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақ­стан Республикасы Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігі ма­ман­дары, елор­далық діни бірлестіктер­дің бас­шы­лары, ғылыми-сарап­тама­лық қо­ғам­дастық өкілдері, сон­дай-ақ мем­лекеттік органдардың қызмет­ші­лері қатысты. Бұл кітап 16 тарауға бө­лінген. Әрбір тарауда Астанадағы кон­фессияларға қа­тысты жан-жақ­ты ақпарат берілген.

– Қазір елімізде сәулеті мен сәні ке­ліскен діни нысандар жетерлік. Осы орайда 2016 жылы Дін істері жө­ніндегі басқарма тарапынан елор­даның діни бірлестіктері тура­лы кітапшалар жасау идеясы құрылды. Бұл кітапшалардың не­гізгі қызметі қала тұрғындары мен қо­нақтарына Астана қаласында қыз­мет ететін әр діни бірлестіктер жай­лы қысқаша жинақталған ақпа­рат­тарды ұсыну болды. Авторлар кітапта еліміздегі күрделі поликон­фес­сиялық жағдайды жақсы түсін­діре білді деп ойлаймыз әрі бұл әде­биет атқарушы органдар мен жер­гілікті діни қауымдастықтардың то­ле­рантты қарым-қатынасын жетіл­діруге ықпал етеді деп үміт­те­не­міз, – деді Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұр­дәулет Әлмұханов.

Жанель ҚҰТТЫБАЙ