Күдікті іздестіріліп жатыр. Қаскөйдің жеке басы анықталса да, әлі табылмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
КТК арнасының мәліметінше, Дамир Төребаевтың мәйіті жексенбіден дүйсенбіге қараған түні пәтерінен табылған. Полиция 99-баптың 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оның өліміне танысымен арадағы жанжал себеп болған.
Дәм-тұзы небәрі 28 жасында таусылған Дамир бокстан және жүзуден спорт шеберіне үміткер деген атағы бар. 2 жылдан бері осы Алматыда фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Әйелімен ажырасқан, жеті жасар бір баласы бар. Бірге жұмыс істеген әріптестері тек жақсы жағынан еске алып отыр.
Фитнес жаттықтырушы Азамат Оразбайұлы: «Өте қарапайым. Ақкөңіл жігіт. Әрдайым көмектесуге дайын болатын жігіттердің бірі. Ішімдік ішпейтін, темекі шекпейтін», – дейді.
Бұған дейін Алматыда жаттықтырушы кісі қолынан мерт болғаны туралы жазған болатынбыз.