Жаңа Қазақстанның елге есеп беретін Үкіметі, ықпалды Парламенті болады – Ерлан Қошанов

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов «Время» газетіне сұхбат берді.

Сұхбатта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан реформалардың нәтижесі, елдегі өзгерістер мен жаңа сайланған Мәжілістің 100 күнде атқарған жұмысы туралы жан-жақты айтып берді. Мәжілістің жаңа құрамы, қабылданған заңдардың маңыздылығы, депутаттардың жұмысты жаңа тәсілмен істегеніне тоқталды.

Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы қазіргі саяси үдеріс еліміздің тұрақты дамуының негізгі факторы екенін де тілге тиек етті. Атап айтқанда, Президенттің жеті жылға сайлануы және оның туған-туысына лауазымды қызмет атқаруға шектеу қоюдың маңызы зор. Мұндай саяси бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі көтергені елге сенім ұялатты. Жаңа реформалардың алдағы уақытта еліміздің қарқынды дамуының бастауы болары анық. 

«Время» газетінде жарық көрген сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Фото: time.kz