Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысы Қарғалы ауылында жәбір көрген қыз туралы пікір білдірді. Бұл туралы Динара Зәкиева Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Қыз бала табылды. Видеодағы әйел қыздың көршісі екені белгілі болды. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимаратқа алып барып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген... Анасының сөзінше, мұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін.
Көрші әйел ауылдан кетіп қалған. Оны іздестіріп жатыр. Баламен мектеп психологі жұмыс істейді», – деп жазды уәкіл.
Бұған дейін Сарыағашта 5 жасар қызды көршісі азаптап өлтірген болатын.
Фото: видеодан скриншот