Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен бірлесіп, жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл факт бойынша сотқа дейінгі жедел тергеу, тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды», – деп жазылған ресми мәліметте.
М.Исахов 2020 жылдан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.
Фото: www.independent.co.uk