Түнгі сағат 02.00 шамасында полицияның «102» пультіне Хромтау қаласы Жұбанов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адам өтіп бара жатқан адамға оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Күдіктіні ұстау үшін дереу оқиға орнына полиция жасағы барды. Полиция капитаны Мақсат Дастан мен полиция аға лейтенанты Жылқайдар Жұлдызбек 50 жастағы азаматты ұстады.
Бейтаныс адамға қару кезенген Хромтау қаласының тұрғыны болып шықты. Ішімдік ішіп алған ер адам әйелімен жанжалдасып, көпқабатты үйдің ауласына шығып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға оқ атқан.
Жәбірленуші иығынан жарақат алды. Қазір күдіктіге қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.