Мәслихат отырысында Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы Ұлттық пантеонның жағдайына тоқталды.
Ұлттық пантеон Астанадан 17 шақырым жерде, Қабанбай батыр кесенесінің айналысында орналасқан. Пантеонның жалпы ауданы – 4 гектар. 25 жерлеу орны бар. Оның ішінде қазір 21 орында жерлеу жұмысы жүргізілген, яғни 25 орынның төртеуі ғана бос қалып тұр, – деді ол.
Сондай-ақ Ұлттық пантеон мемлекет, мәдениет, ғылым қайраткерлерін және Қазақстанның дамуына үлес қосқан азаматтарды еске алу үшін құрылған мемориалдық маңызы бар обьект болып есептелетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, 24 наурызда «Ашық НҚА» порталында Ұлттық пантеонға жерленетін Қазақстанның көрнекті тұлғаларының тізімін қайта қарау туралы қаулы жобасы жарияланған.